Қалың өскен бұта мен бос жатқан аумақтың орнына: Алматыдағы Қарасу өзенінің жағалауы қалай өзгерді

Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:34 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды.

Жетісу ауданындағы бұрын қараусыз қалған аумақтың бірі жаңа қоғамдық кеңістікке айналды.

Ауқымды көркейту жұмыстары аясында өзен жағалауы бекітіліп, жүргіншілер жолдары салынды. Сондай-ақ 5,6 мың шаршы метрден астам жерге брусчатка төселді.

Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:34

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Жағалауға 500-ден астам ағаш, мыңнан астам бұта мен сәндік өсімдік егілді. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.

Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:34

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Демалыс орындарын көбейтуге де басымдық берілді. Мұнда футбол және волейбол алаңдары, скейт-парк, ниндзя-парк, воркаут аймағы мен балаларға арналған екі ойын кешені ашылды. Сонымен қатар шолу алаңы, перголалар және көбелек пен бұғы бейнесіндегі ерекше фотоаймақтар жасалды.

Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:34

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұрын бұта басып, бос жатқан аумақ енді серуендеуге, спортпен шұғылдануға және отбасымен демалуға арналған заманауи жағалауға айналып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: