Оралда тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды

Сурет: polisia.kz
Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, былтыр қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген полицияның таратқан хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев