Циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райын әкеледі: 28-30 қаңтарға арналған болжам

Фото: pixabay
Қазақстанда алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауып, бұрқасын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 2025 жылдың 28-30 қаңтарына арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын тудырады.

"28 қаңтарда Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, одан кейін республиканың қалған бөлігінде түрлі фазалардағы жауын-шашын қар, көктайғақ, жаңбыр түрінде болады деп болжануда. "Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, республикада тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

"Температураның кенеттен өзгеруі күтілмейді". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және Қазақстанның тоғыз қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай мен ауаның ластануын ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды