Алматы полицейлері кафелер мен барларға рейд жасады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында полицияның арнайы операциясы өтті: түнде 20-дан астам ойын-сауық мекемесі тексерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен демалыс күндері барларда, дәмханаларда, клубтарда тексеру жүргізілді. Мақсат – кальянды қолдану фактілерін анықтау.

"Өткен демалыс күндері барлар, дәмханалар мен клубтар тексерілді. Нәтижесінде 54 жеке және 25 заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 30-дан астам кальян құрылғысы тәркіленді. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарынан түскен хабарламаларды ескеріп, көрсетілген аумақтарда болған заң бұзушылықтарға талдау жүргізді. Жергілікті іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады, әсіресе демалыс және мереке күндері, – деп атап өтті полиция.

Олар рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде құқық қорғау органдары тұрғындардан түскен өтініштерді назарға алып, көрсетілген аумақтардағы заң бұзушылықтарға талдау жүргізгенін атап өтті. Полицейлер мұндай рейдтер, әсіресе, демалыс және мереке күндері заңдылықты сақтау және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында тұрақты түрде жүргізілетінін баса айтты.

Бұған дейін Алматы полициясы көліктерін дұрыс қоймағаны үшін жүргізушілердің қандай жағдайға тап болатынын анық көрсеткен болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады