Тоқаев Си Цзиньпин мен Қытай халқын "Чуньцзе" мерекесімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин мен оның барша отандасын "Чуньцзе" мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Президент жаңару мен бірлікті, мейірімділік пен жасампаздықты дәріптейтін қастерлі мейрамға орай жылы лебізін жеткізіп, елін бүгінгіден де биік белестерге жетелеуді көздеген ҚХР Төрағасының стратегиялық бастамалары мен игі жоспарларына сәттілік тіледі.

"Қазақстан мен Қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі күннен-күнге жанданып, мызғымас достық пен өзара тиімді ықпалдастықтың үлгі тұтарлық көрінісіне айналғанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бұл игі іске Сіздің қосып отырған ерекше үлесіңізді жоғары бағалаймын және Қытаймен сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүдделі екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды