Дубай шоколады, "Shine muscat" жүзімі санитарлық талапқа сай емес

Сурет: ccnull.de
Дубай шоколады, "Shine muscat" жүзімі сынды сұранысқа ие тауарлар санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Олар тауар таңбалаудан өтпей қалған. Яғни өнімнің құрамы, өндірілген уақыты мен сақтау мерзімі, өндіруші компания туралы ақпараттар толық емес.
"Кемшілік бойынша өндірушілер, сатушылар 22 млн-нан астам айыппұл төледі. Сондай-ақ, сәйкес болмаған тауарлар дүкен сөрелерінен алынып, өнім өндірушілерге қайтарылды." Мұхамғали Арыспаев, Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Бұл тауарлардан бөлек, тағы 119 өнім сынақтан өтпеді. Олардың қатарында "Доширак" кеспесі, "Беларусь сүті" мен "Пәкістан шайы" бар.

Бірінің майлылығы көп болса, енді бірінде химиялық бояулар шамадан тыс. Сондай-ақ, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен шыққан оқушы сөмкелері, мектеп формасы мен ойыншықтар да талапқа сай келмейтін тауарлар қатарында, деп жазады qazaqstan.tv.

Астана Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жалпы 454 түрлі өнімнен сынама алып, тексеріс өткізген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады