Жамбыл облысында 130 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полицейлер автокөліктерді заңсыз жабдықтау және жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қарсы күрес жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударуда.

"Көлік құралының конструкциясына заңсыз өзгерістер енгізу жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осындай бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) 58 980 теңге сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деп атап көрсетті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев.

Рейдтер басталғаннан бері осы бап бойынша 130 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз жабдықталған көліктер бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды