Қарағандыда полицейлер жекеменшік зоодүкеннен Қызыл кітапқа енген жануарды анықтады

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда полицейлер жекеменшік зоодүкеннен Қызыл кітапқа енген жануарды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне Теміртау қаласындағы зоодүкенде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануардың бар екені туралы хабарлама түсті.

"Зооқорғау альянсы" өкілдерімен бірлескен тексеру барысында жекеменшік коллекцияларда ұстауға қатаң тыйым салынған, жойылып кету қаупі бар қоңыр капуцин (приматтар тұқымдасы) анықталды. Дүкен иесі бұл жануарға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады.

35 жастағы зоодүкеннің басқарушысының айтуынша, капуцин оған уақытша күтіп-бағуға қалдырылған, алайда иесі ешқандай құжат бермегені белгілі болды. Жойылып бара жатқан жануарлармен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында бұл сирек кездесетін жануардың Қазақстанға қалай әкелінгені анықталады.

Сурет: polisia.kz

Құжаттарды тексеру кезінде заңды растайтын құжаттары жоқ дала түлкісі ("степной корсак") де табылды. Зоодүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді