Балаларының түнгі жүрісі үшін 150 шымкенттік жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Өткен демалыс күндері мегаполис полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүргенде болуы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау, заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Профилактикалық шараға жергілікті атқарушы органдар, жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 141 баланы анықтады.

Олардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 9 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты хаттамалар толтырылды.

Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген сегіз жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды