ШҚО-да жоғары дайындық режимі жарияланды

Сурет: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 2025 жылғы 3 ақпанда өңір тұрғындарына маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар тұрғындарға жоғары дайындық режимі жарияланғаны жайлы ескертті.

"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстанда 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді. Су айдындарына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 156 мың текше метрден астам қар шығарды. Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 2511 адамы, 242 мотопомпасы, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 46 жүзу құралы, сондай-ақ 800-ден астам техника топтастырылған. Бұған қоса, 64 мың дана қаптар, 9323 тонна инертті материалдар және 263 тоннадан астам ЖЖМ дайындалды",- делінген таратылған ақпаратта.

Осыған байланысты ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:

"Төтенше жағдай кезінде дереу 112 телефоны бойынша хабарлаңыз".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысындағы 20 миллиард теңгенің су қоймалары мемлекетке қайтарылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды