Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 4 ақпанындағы үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев 100 миллиард теңге кіріске жету үшін қандай жол учаскелерінен ақы алынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің басшысы Қарағанды-Алматы бағытындағы жолдың құрылысы аяқталғанын – бұл учаскелер ақылы жолға айналып, кезең-кезеңімен ақы төленетінін атап өтті.

"Қызылорда-Арал тас жолы да ақылы жолға айналады, бірақ тек коммерциялық қызметпен айналысатын ауыр жүк көліктері үшін, жеңіл көліктер үшін бұл тегін қалады. Уақыт мәселесіне келсек, инфрақұрылым мен камераларды орнатуға уақыт керек. Біздің есептеуіміз бойынша, Қызылорда-Арал учаскесінде жол ақысы жыл басында енгізіледі. Қалған бөлімдер айлар бойынша бөлінген: кейбіреулері екінші тоқсанда, кейбіреулері үшінші тоқсанда енгізіледі. Екінші жартыжылдықта учаскелердің басым бөлігі ақылы жолға айналады", – деп қосты Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, өткен жылы 48 млрд теңге түсіп, жол жөндеу жұмыстарына игерілуде.


"Қазақстанда республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жол бар, оларды жыл сайын күтіп ұстауға шамамен 80 миллиард теңге қажет. Демек, түсетін сома жеткіліксіз. Сондай-ақ жол жөндеуге арналған мамандандырылған техниканы сатып алуды көбейттік", – деді Марат Қарабаев.

Бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін қаржының бір бөлігі құрылыс жұмыстарына алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін жабуға жұмсалатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі