Елордада тұрғынға мемлекеттік төлемді уәде еткен алаяқ ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астанада тексеріске келген мүмкіндігі шектеулі жан алаяққа алданып қалған.

Алаяқ мемлекет тарапынан мүгедектерге берілетін сыйақыны алып беремін деген жолмен алдап, шамамен 1 млн теңге ақшасын өзінің банк карточкасына аудартып алады.

Бұдан кейінде ол жәбірленушіден 150 мың теңге ақша беруін талап етеді. Оның әрекетінен күдіктенген қыз полиция қызметкерленіне хабарласып, алданғанын айтады.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқты ұстап, ақшаны өз иесіне қайтарады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы