Парктің әкімшілігі Ұлттық парк аумағында бизнестің мұндай түрін жүргізуге рұқсат берілмегенін еске салды.
Суқоймалардың маңында "Көлге кіруге тыйым салынады" ақпараттық тақталар орнатылған.
Күн сайынғы рейтингтің нәтижесінде, 2025 жылдың 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді.
Барлық жағдайда көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
"Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілеріне куә болсаңыз, оның ішінде көліктердің мұз бетіне шығып кеткенін көрсеңіз, МҰТП жедел басқару орталығына (ЖБО) мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (716 36) 7 – 17 – 15". "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы облысындағы орман алқаптарында жерді негізсіз берудің 43 фактісі анықталғаны хабарланған болатын.