Алматы облысындағы орман алқаптарында жерді негізсіз берудің 43 фактісі анықталды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, участок, участки, территория, территории, земельная доля, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 14:42 Фото: pexels
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтады.

Орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды.

Уақтылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдалануын алдын алды.

Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: