Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Фото: pexels
Алматы қаласының жедел уәкілдері қоғамдық көлікте жолаушылардың қалтасын аңдыған ұрыларды құрықтады.

Ұсталған күдіктілер жолаушылардың ұялы телефондары мен бағалы заттарын ұрлап келген.

"Күдіктілердің бірі – 47 жаста, ал екіншісі – 26 жаста. Екеуі де осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, яғни тәжірибелі ұрылар. Қазіргі уақытта олар қамауда. Тергеу барысында олардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Полицейлер азаматтарға мүліктік қауіпсіздік шараларын ұмытпау қажеттігін тағы да ескертеді. Адамдар көп жиналатын орындарда бағалы заттарыңызға мұқият болыңыз, әсіресе гаджеттеріңізді көзден таса етпеңіз. Егер ұрлықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз