Алматының орталығындағы сауда павильоны сот шешімі бойынша бұзылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалдаяқов көшесі, уч.19. бойында орналасқан нысан заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Меншік иесі (жеке тұлға) нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және оның пайдалануға беру актісі болмаған.

Басқарма ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы бойынша шаралар қабылдады және орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан Басқарма осы объектіні бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) талап арыз берді.

Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда бұзуды меншік иесі сот шешімін орындау үшін жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 66 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды