Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды

Сурет: instagram.com/polisia_aqtobe
9 ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды.

"Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің "кәмелетке толмағанын" және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған", - деп хабарлады полиция.

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі