Астанада полицейлер кейуананы алдап соққан күдіктілерді әуе рейсінен түсіріп алды

Сурет: polisia.kz
Астанада тәртіп сақшылары 84 жастағы зейнеткерді 13 миллион теңгеге алдап соққан алаяқтық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қылмыскерлер жәбірленушімен байланысып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар телефон арқылы егде жастағы әйелге оның әпкесі жол-көлік оқиғасына кінәлі деп жалған ақпарат жеткізген. Жарақат алған адамды шұғыл емдеуге қаражат қажет деген сылтаумен алаяқтар әйелді қомақты соманы қолма-қол тапсыруға көндірген.

Алданғанын кеш түсінген кейуана бірден полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың елден әуе рейсі арқылы кетуге тырысып жатқанын анықтады. Полицейлер күдіктілерді тікелей ұшақ ішінде қолға түсірді.

Тексеру барысында күдіктілерден 11 мың АҚШ долларынан астам қаржы тәркіленді. Анықталғандай, олар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер – көрші елдің азаматтары. Олар Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады