Әйеліне қол көтеріп, қоғамдық жұмысқа тартылған азамат өз қателігін түсінді

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстан аумағында 10-23 ақпан аралығында "Есепте тұрған тұлғалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың жазаны өтеу тәртібін сақтауын қадағалау және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Осыған орай, Қазалы аудандық пробация қызметінің мамандары есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарын аралап, олардың мінез-құлқын бақылап, жүктелген міндеттерін қалай орындап жатқанын тексеруде.

Сонымен қатар сотталғандармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтардың бірі – Г. есімді сотталған.

Ол азаматтық некедегі әйеліне қол көтеріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 108-бабының 1-бөлігі бойынша 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілген. Бүгінде ол пробация қызметінің бақылауымен көше тазалау жұмыстарын атқаруда.

"Тексеру барысында оның санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысып жүргені белгілі болды. Өз қателігін түсінгенін айтқан сотталған: "Әйел – нәзік жанды. Оған қол көтергеніме өкінемін. Жазамды өтеудемін, ендігі жерде әйелімді сыйлап, оған құрметпен қарауға уәде беремін", – деп өкінішін жеткізді.

Пробация қызметінің мамандары мұндай азаматтарға қателігін түсініп, түзелуге мүмкіндік берілетінін айтады. Бұл – заң талаптарын сақтау мен қоғамда бейбіт өмір сүрудің маңызды қадамы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі