Төрт миллионнан астам қазақстандық жұмыс берушілерден қосымша төлемдер алды

Фото: Zakon.kz
2024 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен еліміздің 4 млн-нан астам азаматы қамтылған

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 4,7 млн жұмыскердің пайдасына 258,1 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы – 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% – ға дейін жеткізіледі.

Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.

ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.

ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

FIFA футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқықтарын сату бойынша түпкілікті шешім қабылдады