Алматыда баланы ұрып-соққан жекеменшік балабақша тіркелмеген болып шықты

Сурет: видео скрині
Алматыда төрт жасар баланы ұрып-соғып, тұншықтырған атышулы жекеменшік балабақша мүлдем тіркелмеген болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт жасар баланы орындыққа күштеп отырғызып алып тұншықтырған тәрбиешінің қылығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Сұмдық жағдайды баланың анасы видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеді.

Кадрларда тәрбиелеуші баланың аузы-мұрнын қолымен жауып, тұншықтырып ұрып-соққаны көрініп тұр. Бұл кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болған. Сол сәтте бала бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұраған. Алайда, олар мән бермей отыра берген. Оқиға 13 ақпанда болған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қызметкердің кінәсі дәлелденсе, оған ірі көлемде айыппұл салынуы немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

"Бостандық ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады".Алматы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Ал мектепке дейінгі мекеме болған оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды