Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан

Сурет: ҚР ІІМ
Т.Рысқұлов ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған.

Алайда Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болған. Тәртіп сақшыларына оны қуып жетіп, тоқтатуға тура келді.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмағаны және көлік жүргізу құқығы болмағаны белгілі болды.

15 жастағы бала әкесінің көлігін үйінің алдынан рұқсатсыз айдап кеткен.

Жасөспірімнің заңды өкілі – әкесіне қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі