Шамамен ендігі 15 жылын темір тордың ар жағында өткізетін іздеудегі қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қорқытып алу және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 2025 жылғы 19 ақпандағы ақпаратына сүйенсек, бұрын сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалау, қарызды өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазіргі таңда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды",- деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бұған дейін СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұсталғандығы хабарланған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі