Жетісу облысында 8,1 млн теңгеге күдікті аударымдар бұғатталды

Фото: Zakon.kz
"Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясыңда Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментімен "Антифрод" жүйесі (Ұлттық Банк платформасы) арқылы интернет-алаяқтыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында 380 инцидент құрылды.

Нәтижесінде 300-ден астам "дроппердің" деректері анықталып, 8,1 млн теңге көлеміндегі ақша аударымдары бұғатталды.

Жәбірленушілерге ұрланған қаражатты қайтару үшін сотқа талап арыз беру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тек 2025 жылдың қаңтар айында "дропперлерге" қатысты негізсіз байыту фактісі бойынша сотқа 18 талап арыз беріліп, оның 12-сі (23,8 млн теңге сомасында) қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде 11 жәбірленушінің 27 млн теңге сомасындағы несиелері бойынша төлемдер мен есептеулер уақытша тоқтатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті