Цифрлық ҚҚС: қазақстандықтар нені білуі керек және бизнес үшін негізгі артықшылықтар

Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап цифрлық теңгені пайдалана отырып, "Цифрлық ҚҚС" пилоттық жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 21 ақпанында Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Цифрлық теңге – ұлттық валютаның жаңа сандық түрі, ол блокчейн технологиясы арқылы іске асырылады және ақшаны арнайы мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға қатысу үшін экспорттаушы-компания банктің қатысуымен Ұлттық банктен ҚҚС таңбаланған цифрлық теңгені сатып алады", – деп жазылған ресми хабарламада.

Цифрлық теңгенің таңбаланған ҚҚС бөлігі тек бюджет және жеткізушілермен есеп айырысу төлемдеріне бағытталған, одан өзге мақсаттарға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік бермейді.

Цифрлық теңге арқылы жүргізілген барлық транзакциялар, сондай-ақ жеткізушілер бойынша ҚҚС қозғалысы мен бюджетке түскен қаражат туралы ақпарат Ұлттық банк арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жеткізіледі.

Бұл жүйе, мемлекеттік кірістер органдарына қысқа уақытта ҚҚС қайтару үшін, сонымен қатар салықтық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Цифрлық теңгені бизнесте пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

Пилоттық жоба аясында, 2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша салықтық тексерулер мен тәуекелдер жүйесін қолданбастан қатысушыларға 5 күн ішінде ҚҚС қайтарылды.

Жоба өз тиімділігін көрсетуде, сол себепті Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық түсімдердің ашықтығын күшейту мақсатында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту бағытында жұмысын жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды