Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Сурет: ҚР ТЖМ
Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызметке Рамиль Камалов тағайындалды. Бұл туралы 24 ақпанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы қызметін атқарған Камалов Рамиль Фатқұлұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Рамиль Камалов 1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жоғары арнаулы білім.

1993 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етті. Ол мемлекеттік өртке қарсы инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейін өсті. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

2025 жылдың 18 қаңтарында Ерлан Нұрпейісовтің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді