Павлодардағы кафелердің біріндегі жанжал кезінде ер адам өзін пышақтап өлтіремек болған

Фото: Zakon.kz
Петропавлдағы кафелердің бірінде арты суицидпен аяқтала жаздаған жанжал орын алды. Тамағына пышақ тақаған ер адамды тыныштандыру үшін қала полициясының бастығының өзі келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news дерегінше, таңғы 7:00 шамасында қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ішімдікке сылқия тойып алған екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Жақын жердегі кезекші полиция қызметкерлері оларды ғимараттан шығарған. Тіпті біреуіне кісен тағуға тура келген.

Екінші адам, күйзеліске түскен күйінде, тамағына пышақ тақап, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқан. Осы уақытта оқиға орнына қосымша күш жіберілді, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев келді.

Көпжылдық тәжірбиесі бар маман, ер адаммен келіссөздер жүргізіп, оны тыныштандырды, содан кейін ол пышағын тастап, қызметтік көлікке отырды.

Қазір ұсталғандардың екеуі де полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауда. Олардың қалған әрекеттері бөлек қаралады.

Бұған дейін Ақтөбеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкер жауапқа тартылғаны хабарланған болатын.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі