Қате аударылған әлеуметтік аударымдарды қалай кері қайтаруға болады - бейненұсқаулық

Фото: pexels
Қазақстанның электрондық үкіметі порталы мамандары күнделікті өмірде әлеуметтік аударымдарды қате алушыға немесе дұрыс емес сомаға аударылу жағдайлары жиі кездесетіндігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, әдетте, бұл адами фактордың әсерінен, яғни деректерді қате енгізу салдарынан орын алады.

Осыған байланысты eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтініш беруге болатындығын еске салды.

Бұл қызметке жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (бір өтінімде 20 қызметкерге дейін көрсетіп) өтініш бере алады.

Аталған қызмет eGov.kz порталында "Азаматтарға" – "Әлеуметтік қамтамасыз ету" – "Зейнетақымен қатамасыз ету" бөлімінде қолжетімді.

eGov mobile қосымшасында "Қызметтер" бөліміне өтіп, "Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы" тармақшасында қызметке өтінім беруге болады. Ол жерден, "артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақытылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару" тармақшасына өту керек.

Әрі қарай сұралған барлық жолдарды және төлем деректемелерін толтырып – өтінімге қол қою қажет.

Қызмет нәтижесімен "Жеке кабинет тарихы" бөлімінен танысуға болады.

Бұған дейін Павлодарда заңсыз балық аулаған тұрғынның қоғамдық жұмысқа тартылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты