Фитозертханада есірткі өсірген Қызылорда облысының тұрғыны құрықталды

Фото: pxhere
Сырдария аудандық прокуратурасының үйлестіруімен "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында жұмысшы топпен бірлескен шаралар нәтижесінде аудан тұрғыны ірі мөлшерде сора тұқымдас өсімдігін заңсыз егіп өсірумен айналысатын фитозертхана және аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталды.

Анықталған азаматтың тұрғылықты үйіне тінту жүргізу кезінде ыдыстарға отырғызылған 78 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 13 кг қарасора өсімдігі анықталды.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен және 300-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сырдария ауданының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда өз азаматтық борышы ретінде дереу 102 нөмеріне хабарласуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды