Рамазан 2025: ҚМДБ кәсіпкерлерге азық-түлік бағасына қатысты үндеу жасады

Фото: freepik
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қасиетті Рамазан айына байланысты кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге осындай үндеу жасады.

"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық. Наурызбай қажы Тағанұлы

Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі.

"Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы Хақтың разылығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз", – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Қасиетті айда берілетін пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді.

Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек