Ол 17 ақпанда Жомарт кенішінде табиғи газ жарылыс болғанын еске салды. Жеті кенші қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
"Шахтаның жұмысы тоқтатылды. Тергеу шаралары жүргізілуде, комиссия жұмысын аяқтады, түстен кейін үкіметке есеп береді", – деді Кеген Тұрсынбаев.
Бұған дейін Жомарт кенішіндегі апаттың себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылғаны хабарланған болатын. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 277 бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды.