Onay! мерейтойына орай жарты жылдық тегін көлік картасын беріп жатқаны рас па

Сурет: stopfake.kz
Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан бойынша 6 айға тегін жол жүруге мүмкіндік беретін ONAY! картасына тапсырыс беруге үндейтін жарнама тарады, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Компания өзінің мерейтойына орай осындай акция өткізіп жатыр екен. Алты ай бойы шексіз жол жүргіңіз келсе, 1230 теңге төлеу керек. Бұл - алаяқтардың ісі.

"Алматы қаласы көлік холдингінің" PR-қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

"ONAY! ешқандай акциялар өткізген жоқ және өткізбейді. Сондай-ақ жеңілдіктері бар "Бірыңғай көлік карталарын", қоғамдық көлікте жол жүру абонементтерін, бірнеше айға жарамды жол жүру карталарын таратпайды. Біз ешқашан басқа сайттарда жеке немесе банк картасының деректерін енгізуді сұрамаймыз. Жолаушыларға Onay! мобильді қосымшасы арқылы, Instagram-да @onay.kz парақшасы және onay.kz ресми сайты арқылы ескерту жасап, оларды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі сілтемелер бойынша өтпеуге, жеке және төлем деректерін енгізбеуге шақырамыз. Барлық қызмет белгіленген тарифтерге сәйкес ұсынылады. Жоғарыда аталған ресурстардан және +7 727 397 01 91 нөмірі бойынша Call-орталықтан сенімді ақпарат алуға болады", - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды