Пойызда қыздарының дүниеге келуіне көмектескен жолсерікке жас жұп алғыс айтты

Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
2024 жлы ақпанда аяғы ауыр келіншек "Алматы – Өскемен" пойызымен қатынайды. Жолда оның толғағы қысып, баланы жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлованың қабылдап алуына тура келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол мезетте жолсерік Бағдагүл ханым жедел көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алып, жаңа туған нәрестенің кіндігін кескен.

Бір жылдан кейін пойызда сәбиін дүниеге әкелген жолаушы Алғыс айту күніне орай елордаға күйеуімен бірге арнайы келіп, сол қиын сәтте көмек көрсеткен жолсерік Бағдагүл Әбдәқұловамен қайта жүздесіп, шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушының толғағы Екаша-Айыртау станцияларының арасында басталды. Мұндай күрделі жағдайда жолсерік жедел әрекет етіп, босануға қажетті барлық көмекті дер уағында ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, сағат 13:30-да сәби дүниеге келді.

Бағдагүл Әбдәқұлова теміржол саласында 37 жыл табанды еңбек етіп, дәл осындай ерекше жағдайға алғаш рет кезікті. Наурызда жолсерік зейнеткерлікке шығуды жоспарлап отыр. Дегенмен, оның есімі өз ісін адал атқарып қана қоймай, жоғары жауапкершілік, кәсібилік және терең адамгершілік танытқан жан ретінде жастарға үлге болып қалары анық.

"2024 жылы 7 ақпанда өскемендік Жансая есімді жолаушыны босандырып алдым. Бұған дейін мұндай тәжірибем болмаған. "Жолдасым көмектес" деп айтты, жанымдағы жолсеріктер де қолдау көрсетті. Солай кішкентай Ясина өмірге келді", - дейді ол "Qazaqstan TV-дағы" "Жақсылыққа жаса" бағдарламасына берген сұқбатында.   

Айта кетсек, 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды