Абай облысында кафе қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған

Фото: Zakon.kz
Абай облысында кафе қызметкерлері 13 млн теңгеден астам қаражатты өз шоттарына заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысындағы танымал кафе желісінің иесі шотындағы қаражаттың жетіспеушілігін байқап, полицияға жүгінді. Кәсіпкердің айтуынша, 2024 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін кассадан 13 миллион теңгеден астам қаражат жоғалған.

Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды. Күдіктілер басшылықтың рұқсатынсыз, мобильді қосымша арқылы аударым жасап, мекеменің қаржысын өз мақсаттарына пайдаланған.

Полицейлер күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады – олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Қазіргі уақытта аса ірі мөлшердегі шығын фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды