Алматы әуежайындағы оқиға: Тоқаев қылмыскердің қаруын тартып алған ер адамды наградтады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты медальмен наградтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты. Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған. 

Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды. Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейінірек шабуыл жасаған ер адам бұған дейін автобуста қызды ұрғаны белгілі болды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды