Алматы әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытқан

Алматы әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 13:00 Сурет: Zakon.kz
7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген.

Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған.

Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды.

Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: