Астанада 20 жастағы жігіт зейнеткердің ақшасын өзіне аударып алған

Сурет: pixabay
Астананың Сарыарқа ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 20 жастағы жігітті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында жас жігіт жолдан өтіп бара жатып, зейнеткердің етікші дүкеніне кіріп, жәбірленушімен танысқаны белгілі болды. Осылайша, жігіт оның сеніміне кіріп, "Шұғыл қоңырау шалуым керек", "Телефонымның қуаты таусылып қалды" деген сылтаумен одан ұялы телефонын бере тұруды өтінген. Жігіт біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, Kaspi қосымшасындағы ақшасын өзіне аударып алған.

60 жастағы зейнеткердің телефонындағы қосымшаларды бұғаттауды білмегенін пайдаланып, 100 мың теңгесін алаяқтықпен алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның Астана аумағында жасалған басқа да осыған  ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты