Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушілерді анықтады

Фото: pexels
Мас күйде көлік жүргізу – ауыр қылмысқа жатады. Себебі мұндай жүргізуші жолдағы жағдайды дұрыс бағалай алмайды, ал оның салдары қайғылы оқиғаларға әкелуі әбден мүмкін.

Мысалы, Павлодарда полиция қызметкерлері Астана көшесінде Skoda Yeti автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде отырған ер адамның мас болуы мүмкін деген күдік туындап, медициналық тексеріс нәтижесінде оның есірткі қолданғаны анықталды.

Сонымен қатар бұл жүргізуші 2024 жылдың сәуір айында дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Бірақ ол сот шешіміне қарамастан тағы да рөлге отырған. Бұдан бөлек, Н.Назарбаев көшесінде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі де мас күйінде ұсталды. Бұл факт медициналық сараптамамен расталды.

Ал Естай мен Академик Сәтбаев көшелерінің қиылысында Lada автокөлігінің жүргізушісі есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды. Соңғы екі жағдай бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жіберілді.

Барлық заң бұзушылардың көліктері айып тұрағына қойылды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері аймақта мас күйде көлік жүргізудің 200-ге жуық фактісі тіркеліп, олардың жолы кесілген.

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Егер мас адамның көлік жүргізіп жатқанын немесе рөлге отыруға ниетті екенін байқасаңыз, дереу "102" нөміріне хабар беріңіз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы