Өскеменде ауаға мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесі құрылмақ

Фото: unsplash
Өскемен қаласының ауасына мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесі құрылады. Өйткені биыл қыс түскелі қалада екі күннің бірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып отыр.

Сондықтан өткен желтоқсан айында "Өскемен Тынысы" деген экологиялық қоғамдық қорғау бюросы құрылған. Бірақ шаһардағы кейбір өндірістер экологтарды өз аумақтарына кіргізбейді. Зауыт аумағындағы ауаға өлшеу жүргізуге құлықты емес, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қазір қаладағы 22 кәсіпорын автоматты бақылау жүйесін орнатып, экология департаменті қызметкерлерін кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.

"Қазгидромет" орталығының бұрын орнатылған ауа датчиктерін ауыстырып, оларды бірыңғай мониторинг жүйесіне біріктіру қажет. Сонда қаланың қай аумағында ауада зиянды металдың қай түрі көп шоғырланғанын анықтауға болады.

"Мониторинг жүйесін осы үлкен кәсіпорындардың жанына қойып,егерде ауа тым күрт ластанып жатса,онда мысалы үшін "Қазгидромет" пен экология департаменті арнайы хаттама жазып береді. Міне мына жер ластанып жатыр деп.Сол хаттаманың негізінде тексеріс ашып ішіне кіріп тексеретіндей. Оны да механим, жұмыс ретінде енгізу керек." Дәулет Асанов, эколог
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды