2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 15,6%-ға өсті – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
"2019 жылдан бері Қазақстан экономикасының нақты өсімі 15,5% болды. Еліміздің ІЖӨ 288 миллиард долларға жетті, ал жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 46%-ға жуық артып, 14 мың доллардан асты. Бұл туралы Президент Бурабайдағы Ұлттық құрылтай жиынында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы сауда айналымы 45 пайызға жуық өсіп, 140 миллиард доллар болды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция бір жарым есеге ұлғайды. Былтыр оның көлемі 19 триллион теңгеден асты.

"Инвестиция білім-ғылым саласына 5 еседен астам, көлік саласына 3 есеге жуық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына 3,5 есе көп салынды. Осы уақытта 500-ден астам мектеп бой көтерді. Көптеген денсаулық сақтау, спорт және басқа да әлеуметтік нысандар ашылды. 4400 шақырымға жуық автокөлік жолдары салынды және жөнделді. Жаңа темір жол желілері пайдалануға берілді. Ондаған өндіріс орны іске қосылды".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді