Павлодарда полиция алимент төлемеген әкелерді анықтады

Фото: Zakon.kz
Отбасын, кәмелетке толмағандардың мүдделерін және олардың заңды құқықтарын қорғау – біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Осыған байланысты Павлодар облысының қызметкерлері алимент төлемейтіндерді анықтау жұмыстарын ерекше назарда ұстайды.
"Мысалы полицияға 4 жылдан бері бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған екі баланы асырауға алимент төлемейтіні туралы шағым түскен. Қарыз сомасы 6,5 млн теңгеден асып кеткен. Тағы бір жағдайда Баянауыл ауданының тұрғыны 6 жыл бойы балаларынан жасырынып, осы уақыт ішінде балаларын асырауға 12,5 млн теңгеден астам қарыз жинаған. Полиция бұл немқұрайлы әкелерді анықтап, оларды қарызды төлеуге міндеттеді", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция департаменті ата-аналардың балаларын кәмелетке толғанға дейін асырауға міндетті екендігін еске салады.

Бұл міндетке ата-аналардың қарым-қатынасы, неке қиюы немесе болмауы әсер етпейді. Алимент төлемегені үшін жауапкершілікке тарту мақсатында полицейлер кешенді іс-шаралар жүргізеді.

Өндіріп алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін құқық бұзушылық фактісі тіркеледі және сот шешімі мен берешек туралы ақпаратты қоса алғанда, қажетті құжаттар сұралады.

Борышкер түсініктеме беру үшін шақырылады, ал ол келуден жалтарған жағдайда іздестіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды