Үш күнге арналған ауа райы болжамы: Алматы мен Шымкентке жаз жақындап қалды, Астанаға көктем келді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылдың 18 наурызы мен 20 наурызы аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан шығатыны, елордаға көктем де келіп жетті, ал еліміздің екі ірі мегаполисінде жазға таяп қалды.

Астана қаласының ауа райы болжамы

18 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +6+8°С.

19 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +8+10°С.

20 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

18 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С.

19 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С.

20 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +22+24°С.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

18 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +23+25°С.

19 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +24+26°С.

20 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +26+28°С.

Бұған дейін Қазақстанда 30 градус ыстық болатыны хабарланған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды