"Nazira Gold" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларынан 374 миллион теңге қолма-қол ақша тәркіленді

Сурет: Telegram/afm_rk
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 18 наурызында ҚМА берген ақпаратқа сай, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

"Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген." ҚМА баспасөз қызметі

Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

"Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы. Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз." ҚМА баспасөз қызметі

2025 жылдың 17 наурызында ҚМА Алматыда екі бөлмелі пәтері, "Тойота Хайландер" автокөлігі, 50 миллион теңге және 91 миллион теңгенің құнды қағаздары табылған Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының бұрынғы депутатының ісінің егжей-тегжейін ашты.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Ақтөбеде жылан шаққан 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады