Алматыда 16 жастағы мопедші жол апатынан ауыр жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
18 наурызда Алматыда Папанин мен Енисей көшелерінің қиылысында мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kia Rio көлігі Енисей көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Папанин көшесіне жақындаған кезде көлікті тізгіндеген қыз автобус жолағымен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан мопедті байқамай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Мопедші де көлікті аңғармай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Kia-ның бүйіріне қатты соғылған жүргізуші көліктің жанына құлап кеткен, ал  мопед жігіттің үстіне құлаған.

Сурет: Zakon.kz

Осы кезде мопед жолаушысы көліктің төбесіне ұшып кеткен. Оны дәрігерлер қарап, үйіне жіберді.

Сурет: Zakon.kz

16 жастағы мопед жүргізушісі ғана ауыр жарақат алған. Ол №4 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Ауданда аздаған көлік кептелісі байқалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды