Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады.

Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті.

Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау.

Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған