Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты. Айыпталушы да кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылғы қазан айында болған. Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде оқитын 12 жастағы оқушыны жақын туысы зорлаған. Колледждің бірінші курс студенті өткен жылдың сәуір айында қамауға алынған.

Қылмыстық істі облыстық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жабық отырысында қарады.

Жігітке ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының төртінші бөлігі – "Кәмелетке толмағанды зорлау" және 121-бабының төртінші бөлігі – "Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша айып шығарды.

Сотталушы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде он жыл отыруы керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды