Ертіс өзені маңында ағаштарды заңсыз кескен бес тұрғын ұсталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ертіс өзенінің жайылмасында ағаштарды заңсыз кескен Ақсу қаласының бес тұрғынын ұстады.


"Орман ресурстарын қорғау заңнамасын өрескел бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Заңсыз ағаш кесу – қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретін ауыр құқық бұзушылық. Бұл әрекеттер аймақтың экожүйесіне елеулі зиян тигізеді", - деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, заңсыз кәсіпке қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді