ШҚО-да полицейлер талмасы ұстаған жолаушының өмірін сақтап қалды

Сурет: primeminister.kz
Риддер — Өскемен тасжолында тәртіп сақшылары денесі құрысып, қайта-қайта есінен танып қала берген такси жолаушысын құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолда полиция экипажын байқаған такси жүргізушісі дереу көмек сұрауға ұмтылған.

"Мен полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым. Инспектор бірден көліктен түсіп, науқасты қарап шықты да, бізге олардың артынан ілесуімізді сұрады. Жол бойында жедел жәрдем шақырып та үлгерді", - деп бөлісті Наурыз әлеуметтік желіде.

Жедел жәрдем көлігі оларды Белоусовкаға бұрылатын жерден күтіп алды. Уақытты құр жоғалтпау үшін полиция қызметкерлері науқас отырған көлікті ауруханаға дейін жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Полицейлердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жолаушы уақытылы ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды