"Көлік иесіне мәселе туралы ескерту" қызметі қалай жұмыс істейді

Сурет: ҚР "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа "Көлік иесіне мәселе туралы ескерту" қызметі іске қосылды. Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 1 сәуірде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады.

Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы. Жедел хабарлама автокөлік иесінің уақытында қажетті шараларды қабылдауына мүмкіндік береді.

Қызметті пайдалану үшін:

Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алатынын атап өту маңызды. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді.

Сұрау жіберілгеннен кейін жүйе Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне сұраныс жолдап, автокөлік иесін анықтап, оған хабарлама жібереді. Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады. Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының "Хабарламалар" – "Таратылымдар және ескертулер" бөлімінде қолжетімді болады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Словения кәсіпкерлеріне ұсыныс жасағандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды