"24KZ" ақпаратына сүйенсек, әзірге химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер қалыпты. Бірақ сақтық үшін тұрғындарға берілетін суға хлормен бірнеше рет залалсыздандыру жүргізіледі. Қала халқы ауызсудың 70 пайызын осы ашық Кеңгір су қоймасынан тұтынады.
"Біз бұрын мысалға оргоналептикалық иісін, дәмін және түсін қарайтын тұғынбыз. Қазір енді осы жағдайға байланысты аммиакқа қараймыз. Соны қостық. Себебі киіктің өлекселері жаңағы аммиак шығаруы мүмкін. Ол деген өте зиян. Бүгінгі күнде судың құрамы нормада, нормалық мөлшерде".Нұрбол Жолдыбаев, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Айта кетсек, өңірде бір апта бойы қыста қырылған киіктердің өлекселерін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Табиғат инспекторлары мен төтенше жағдай қызметі 6 мыңға жуық өлексені жойды. Оның 600-ге жуығы Кеңгір су қоймасынан табылды.